Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуге орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша, 16 жектоқсан күні қоғамдық көліктерде (оның ішінде экспресс-маршруттарда да) жүру тегін болады.
Қала маңына қатынайтын автобустарда жүру ақылы болады.
Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының басты мерекесі, жыл сайын 16 желтоқсан күні қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтеді және осы күн демалыс болып саналады.